Ақтөбе: "ТЕГІН НАН" акциясы қолға алынды

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рамазан айында бұқара халықты қайырымдылық шараларға белсенді атсалысуға, кәсіпкер азаматтарды Рамазанның құрметі үшін азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті заттарға арнайы жеңілдіктер жасауға үндеген болатын.

Осыған орай, «Хромтауда Бас мүфти Үндеуіне үн қосу мақсатында Ақтөбе облысында бастау алған "30 күнге – 30 сауап" шарасының шеңберінде берекелі іс қолға алынуда» деп хабарлайды Хромтау аудандық мешітінің баспасөз қызметі. Бөгетсай ауылдық «Ақ Нұр» мешітінің имамы Берік Жаншиннің ұйытқы болуымен, ауылдағы «Дина» дүкенінде "ТЕГІН НАН" акциясы қолға алынуда. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін