Павлодар: Шәкірттер емтихан тапсырды

Облыстық «Мәшһүр  Жүсіп» мешіті жанындағы "Әйел-қыздар" секторының ұстаздары әйел қыздарға арналған сауат ашу курсының шәкірттерінен емтихан алды. Шәкірттер емтиханды билет түрінде Құран сүрелерін жаттаудан, тәжуид ережелерін дұрыс оқудан, ақида, фиқһ, әдеп және сира сабақтары бойынша тапсырды. 

Жалпы емтихан нәтижесі бойынша, 35 шәкіртке 3 кезеңді бітіргені туралы сертификат берілсе, 75 шәкірт Алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар берілді. Орталық мешіттің бас имамы Жолдас Қоспақұлы емтихан соңында шәкірттерге уағыз айтып, ризашылығын білдірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін