Маңғыстау: Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасуда

Бүгін Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков пен ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша «Зекет» қайырымдылық қорының өкілі У.Бегимов әлеуметтік тұрмысы төмен 10 отбасыға қайырымдылық шарасын жасады.

Қайырымдылық шарасы әдеттегідей мешітте емес, үй-үйді аралап, мұқтаждарға бір айлық азық- түлікті өз қолдарымен табысталды. Өкіл имам мұқтаждарға көмек Рамазан айы бойы жалғасатынын және барлық жомарт жандарды осындай сауапты іске атсалысуға шақыратынын жеткізді.

Көмек алған отбасылар, ұйымдастырушыларға ізгі тілектері мен ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін