Павлодар: Орыс қызы Исламды қабылдады

Елімізде жыл сайын басқа дін өкілдерінің Ислам дінінің артықшылығын біліммен түсініп, бойұсынып жатқандығын ақпарат құралдарынан, күнделікті өмірден кездестіріп жатамыз. Солардың бірі, қазақ келіні болған Дыбцева Галина Сергеевна «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Ислам дінін қабылдап, ресми түрде мұсылман болды.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде, Исламның құндылықтарын мойындап, ақиқат дінді қабылдағысы келген Галинаға мешітіміздің наиб имамы Елбек Тасболатұлы шәһада кәлима айтқызып, Ислам діні туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, Галинаның тегін өзгертіп күйеуінің тегі бойынша  өзіне  Әкімжан Галина деген есім алды. 

Наиб имам Галинаны мешітіміздегі қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсынан тұрақты қатысып, сабақ алуға шақырды. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін