Түркістан: Ақсақалдар арақ саудасын тоқтатты

Түркістан облысында дүкен иелерін Рамазанға құрметпен қарауға шақыратын ауыл ақсақалдарынан құрылған топтар жұмыс істеп жатыр. Олар ресми хат жазып, арақ-шарап саудасын тоқтатуды сұранып жүр. Мақтаарал ауданында бірқатар дүкендерде бір күнде сөрелер алкогольді ішімдіктерден босап қалды. Арақ-шарап сатудан бас тартқан кәсіпкерлер әкімдік тарапынан марапатталды.

Ал, Ордабасы ауданында Спатаев, Бадам, Атамекен ауылдарындағы он шақты дүкен қожайындары ішімдік сатпауға уәде берді. Игі іске "Сексенбай ата", "Садық ата" және "Қожа Ахмет Ясауи" мешітінің ақсақал жамағаты мен имамдары жұмылып кірісті. Апта бойы насихат айтып, осындай да болса нәтижеге жетті.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін