Қостанай: «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық акциясы жалғасуда

ҚМДБ-ның бекіткен тапсырмасы аясында Денисов аудандық «Жұма» мешітінің ұжымы «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Осы орайда мешітке өтініш білдірген көп балалы аналар, асыраушысынан айырылған жалғызбасты жандар, мүгедектер және тағы басқа күнкөрісі төмен 10 жанұяға «Жұма» мешітінің бас имамы Болатжан Байшевтің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» қажетті азық-түлік пакеті үлестірілді. Онда ұн, күріш, май, қант, макарон, шекер секілді күнделікті қажетті тағамдар салынған.

Оқырмандардың естеріне сала кетер бір жай, құлшылық ордасындағы қайырымдылық шаралары Ораза басталған күні «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты акциясы аясында басталып, 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілген еді.

Бас имам «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық акциясы Рамазан айы бойы жалғасатындығын және қайырымды да жомарт жандардың аталған шараға белсене атсалысуыға шақыратынын көпшілікке жеткізді.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін