Қостанай: 50 шәкірт білім алды

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтап, елу шәкірт тәлім алды.

Өткен жылдың 10 қазаны мен үстіміздегі жылдың 10 мамыры аралығында шәкірттерге «Фиқһ», «Құран», «Тәжуид» пәндерінен дәрістер жүргізіліп, тағылымы мол уағыз-насихаттар айтылды. Онда шәкірттер білім алумен шектеліп қана қойған жоқ. Олар мешітте өткізілген қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жасы келген қарт кісілердің үй шаруаларына көмектесті.

Жоғарыда аталған мешіт ұстазы Арлан Бауыржанұлының айтуына қарағанда, биылғы оқу жылында 50 шәкірт тиянақты білім алды.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін