Маңғыстау: Қазақстан халқы Ассамблеясына ауызашар дастарханы жайылды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ауызашар дастарханының кезекті қонағы Қазақстан халқы Ассамблеясы этно мәдени орталығы болды.

Бірлігіміздің, ынтымағымыздың нышаны ретінде әзербайжан, армиян, шешен, татар, ұйғыр, кәріс, орыс, қырғыз, өзбек және өзге де ұлт өкілдерінен тұратын мәдени орталық өкілдерін бір дастархан басына жинап, өкіл имам С.Сейтбеков оразаның сауабы турасында уағыз айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысы бойынша жауапты хатшысы Гүлжан Есмурзин ханым мешіт тарапынан жасалған аталмыш шараға ризашалығын білдіре келе, өкіл имам С.Сейтбековке алғысын білдірді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін