Қызылорда: «Отбасы» күнінде отбасыларға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қасиетті айдағы кезекті қайырымдылық шарасы өткізілді.

«15 мамыр – халықаралық отбасы» күнінің құрметіне орай өткізілген шараның мақсаты -қасиетті айда қатар келген отбасылық мерекеде әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларды құттықтап, көңілдерін көтеру.

Аталмыш қайырымдылық акция аясында қаладағы бірнеше отбасыларға азық-түлік апарып берілді. Көпбалалы немесе мүмкіндігі шектеулі жандары бар әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға арнайы ат басын бұрған мешіт қызметкерлері науқастардың көңілін сұрап, Алладан шипа тіледі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Рамазан айында жасалатын қайырымдылық шаралары жалғасын таба бермек.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін