Маңғыстау: «Қош келдің, Рамазан!» атты кеш өтті

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Әбіш Қожа мешітінде кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірім қыздардың қатысуымен «Қош келдің, Рамазан!» атты рухани- мәдени кеш өтті.

Мерекелік шараны осы мешіттің ұстазы Саргел Сұлтанбибі ұйымдастырып, іс-шараны қасиетті Рамазан айы туралы уағызымен бастады. Өнерлерін ортаға салған мешіт шәкірттері рухани кеште хормен салауаттар айтып, ораза туралы өлең-жырлар оқып, сахналық көріністерін көрермен назарына ұсынды.

Жиын соңында көрермендерге сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін