Қызылорда: Студент жастарға ауызашар берілді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы және қалалық «Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен студенттерге ауызашар дастарханы жайылды.

«Қоркыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жатақханасында өткізілген берекелі ауызашарға ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" секторының жетекшісі С.Әбіл, қалалық "Сұлтан" мешітінің бас имамы Қ.Отызбаев, «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ-нің «Жаратылыстану» факультетінің деканы С.Қосанов және университет студенттері қатысты.

Ақ дастарқан басында айтылған уағыз-насихат барысында қасиетті айдың қадір-қасиеті мен ораза ұстаушының дәрежесі жайлы түсіндірілді. Сонымен қатар, сауаптар еселенетін мүбәрак айда айналаға ізгілік пен мейірімділікті таратып, қоғамды әрдайым жақсылыққа шақыруда жас буынның белсене үлес қосуына үндеді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін