Ақтау қаласының орталық мешітінде тегін такси қызметі іске қосылды

Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық "Зекет" қоры атынан тегін такси қызметі іске қосылды.

«Орталық мешітімізде Аллаға шүкір Тарауық намазына келуші жамағаттың қарасы көп. Көлік қызметіне мұқтаж жандарды намаздан соң үйлеріне тегін жеткізетін болады және бұл қызмет түрі Рамазанның соңына дейін жалғасатын болады», - деді өкіл имам С.Сейтбеков.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін