БҚО: Ақсайда "Тегін такси" акциясы өтуде

Қасиетті Рамазан айында Бөрлі аудандық мешітінің ұйымдастыруымен "Тегін такси" акциясы басталды.

Рамазан айының жақсылыққа, мейрімділікке, өзгелерге қол ұшын беруге тәрбиелейтін мүбәрак ай екенін халыққа айтып, жақсылық көлемін арттыруды мақсат еткен шараның алғашқы күні ерікті жамағаттың қолдауымен 5 көлік жолға шығып аялдамадағы адамдарды керек жерінде тегін жеткізуді қамтамасыз етті.

"Бұл арқылы біздер игі істердің сауабы еселене беретінін, Рамазан жақсылықтың көлемін арттыратын ай екенін насихаттап, дінге деген оң көзқарасты арттырғымыз келеді", - дейді ауданымыздың бас имамы Қанат Жакенов.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін