Түркістан: Наиб мүфти ақсақалдармен жүздесті

Қарттардың тағылымын алып қалу үшін кейінгі буынмен жиі жүздесіп, ұзағынан сұхбаттасу қажет. Кентау қаласында бабалар үрдісі жаңғырып жатыр. Шаһардың ақсақалдары наиб мүфти Алау Әділбаевпен кездесті. Баршаға ортақ дін, жастар тәрбиесі, ұлттық руханият турасында әңгімелесті.

Алау Шайқымұлы Мүфтият тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал аттан түсіп сәлем беретін" тектілігін танытқан  қариялар жасы кіші деместен, "ақылы асса дана ғой" деп ғалым-ұстаздың насихатын ұйып тыңдады. Ақсақалдар ғылым қуған ғалымдар ел ішін жиі араласа деген тілектерін жеткізіп қалды. Наиб мүфтиге ақ батасын беріп, шығарып салды.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін