Тараз: Ақ жаулықты әжелер 15 күнде Құранды хатым етті

"Һибатулла Тарази" мешітінің жанынан ашылған сауат ашу курсының әжелері мешіт ұстаздарымен қосылып 15 күнде Құранды хатым етті.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен бастама негізінде әйелдер жамағаты күнде жиналып бірнеше параны оқыды. Соның қорытындысы ретінде бүгін дұға жасалды.

Іс-шараға "Һибатулла Тарази" медресесі директорының орынбасары Нұралы Бақытқұлы қатысып, әжелермен бірге дұға жасап, рамазан айында Құран оқудың маңызы жайлы тілге тиек етті. 

Жамағат бірі қалмай кезекпен дұғаларын айтып, Жаратқаннан береке сұрады.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін