Маңғыстау: Әйелдер жамағатына ауызашар берілді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұстазы, әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Г.Жұмағалиева екі күн қатарынан әйелдер жамағатына ауызашар ұйымдастырды.

Облыстық орталық мешітте және қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен ауызашарда ғибратты әңгімелер айтылып, ауызашар рухани деңгейде өтті.

Жиын соңында ұстаз жамағатқа Рамазан айын барынша сауапты амалдармен және ғибадатпен өткізуге шақырды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін