«Ел үлесі - пәтерге» жобасының 61-ші және 62-ші баспанасы берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша 61-ші және 62-ші баспана Талдықорған өңірінде, Ақсу ауданына қарасты Алтынарық және Ойтоған ауылының тұрғындарына берілді. Қос ауылдағы баспана бұйырған жандардың екеуі де жас балаларымен жалғыз қалған әкелер. Бірінің әлі 1 жасқа да толмаған және 5 баласы бар Жақыпбеков Саят Мақсатұлы болса, бірі – І-топтағы мүгедек, мектеп жасындағы 3 қызымен 58 мың теңге зейнетақыға күн көріп отырған – Хусаинов Аслан Төлеуғалиұлы.

Бұл – жоба бойынша Талдықорған өңірінде берілген 20-шы және 21-баспана еді.

Тағдыр сынағына тап болған азаматтарға Алла бұйыртқан баспаналарын берекелі етсін, олардың үйлі болуына себепкер болған барлық ағайынды Алла мейіріміне бөлесін деген тілек айтамыз.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін