Павлодар: Әйелдер жамағаты Құран хатым етті

Павлодар облысы  «Мәшһүр  Жүсіп» мешітінде  «Әйел-қыздар» секторының  ұйымдастыруымен  мешіт  ұстаздары  әйел  жамағатына  қасиетті  Құран түскен  рамазан  айының  алғашқы күнінен  Құран Кәрімді  күніне  екі  парадан оқуды  бастаған  еді.

«Рамазанның 16-ы күні  Алла  қалап,   Құранды  толық  оқып бітірді. Хатым дұғасы жасалды. Артынан  қысқаша  Құран  оқудың  сауабы  жайында  уағыз айтылды.  Осы күндері Құран тыңдауға  үзбей келіп отырған әйел жамағатына Алла  разы  болсын   дейміз»,-дейді «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы, «Әйел-қыздар» секторының үйлестірушісі Ақерке Тұрғанбай.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін