ШҚО: Аудан әкімі ауызашар берді (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімі Акулов Григорий Иосифұлы аудандық мешітте 150 ге тарта жамағатқа ауызашар берді.

Аудан әкімі алдымен мешітті аралап, имамдармен кездесіп, аудан бойынша діни ахуал туралы пікірлесіп, мешіттің хал-ахуалымен танысты. Г.Акулов аудандық мешіттің қызметіне жоғары баға берді.

«Аудан басшылығы барлық іс-шарамызды үнемі қолдап, көмек көрсетіп келеді. Алдағы уақытта мешіт салу қатарлы ірі бастамалар тұр» деп атап өтті, ауданның бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы.

Аудандық мешіт жамағаты атынан сөз алған ақсақалдар аудан басшысы Григорий Иосифұлына алғыс білдіріп, ел жұртымызға игілік тілеп, бата жасады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін