Маңғыстау: Рамазан айының құрметіне бүлдіршіндерге мерекелік кеш өтті

Қасиетті Рамазан айын кішкентай бүлдіршіндерге жақсы жағынан танытып, ұлық айдың артықшылықтарын бала тілімен жеткізуді мақсат еткен Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұстазы Г.Жұмағалиева «Нұрын шашқан Рамазан» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Аталмыш мерекеде бүлдіршіндер Алла Тағаланың 99 көркем есімін, қасиетті сүрелер мен дұғаларды жатқа айтып, Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар жолдап жарысты. Сонымен қатар аниматорлар мултьфильм кейіпкерлерінде келіп, бүлдіршіндер арасында жарыстар ұйымдастырып, соңында өздері әзірлеп келген шоу- бағдарламасын көрсетті.

Жиын соңында ұстаз барлық балаларға ойыншықтар мен тәттілер үлестірді, ал ата-аналар балаларға мерекелік қуаныш сыйлағыны үшін ұстазға алғыстарын білдірді.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін