Ақбөпе Қанатқызы Маңғыстаулық қыз-келіншектермен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Г.Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына ауызашар дастарханы жайылды.

Әйелдер жамағатына арналған ауыз ашарға Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келген, ҚМДБ - ның әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы «Рамазан айы» турасында, «Оразаның екі дүниедегі пайдасы» турасында уағыз айтты.

Рухани шара соңында әйелдер жамағаты оразаға қатысты сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін