ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ХАНЫМДАР «БЕРЕКЕЛІ РАМАЗАН» РУХАНИ КЕШІН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні «Берекелі Рамазан» тақырыбында рухани кеш өтті.

Облыстың Бас мешіті – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен шарада ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы және ҚМДБ шәриғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі, әл-Азһар университетінің түлегі Медет Құрсақов арнайы қонақ болып, барша ханымдарды Рамазан айымен құттықтады. Медет Жұмашұлы өзінің сөзінде отбасы, ошақ-қасындағы күйбең тірліктен бөлек ақыреттік білім алуға келіп жүрген ынталы шәкірттерге алғысын білдірді.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған мерекелік кеште қала мешіттерінің шәкірттері қонақтарға әсерлі қойылымдарымен және күмбірлеген қара домбыраның үнімен ерекше көңіл күй сыйласа, «Әйелдер-қыздар» секторының облыстағы жетекшісі Л.Сыдықова сауаптар еселенетін Рамазан айының қадір-қасиеті мен оны тиімді өткізу жолдары туралы ғибратты уағызымен насихат айтты.

Сонымен қатар, шара соңында сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, белсенді көрермендерге сыйлықтар табысталды және де барша қонақтарға ауызашарға арналған су, құрма таратылды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін