Қызылорда: 100 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, облыстағы «Әйелдер-қыздар» секторы және «Зекет» қайырымдылық қорының бірлесуімен қасиетті Рамазандағы кезекті қайырымдылық акциясы өтті.

Берекелі Рамазанның әр жұмасы сайын тұрақты түрде өткізіліп жатқан «Рамазан – мейірімділік айы» акциясының кезекті шарасында 100 мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді.

Нақтырақ айтқанда, ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкілі Болатбек Ұласқанұлы көмек алуға келген 35 зағип, 15 есту және сөйлеу қабілетінен айырылған жандар мен 30 ДЦП баласы бар жалғызбасты, көпбалалы аналарды мүбарак аймен құттықтап, азық-түлік үлестірді.

Ал, облыстағы «Әйелдер-қыздар» секторы ұстаздары қалған 20 мүмкіндігі шектеулі жандарды зиярат ету мақсатында үйлерін аралап, азық-түлікті өз қолдарымен апарып берді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін