Түркістан: Ауылдастарын бірлікке шақырды

Мақтаарал ауданы Фердауси ауылына Елордасынан Яхия Исмайылов имам келіп, жерлестерін қуантып қойды. Мешітке жиылған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Бас Мүфти Серікбай Ораз Хазіреттің сәлемін жеткізді. Яхия имам осы елді-мекеннің тумасы. Күтпеген кездесуге ақсақалдар мәз боп қалды.

Жұма уағызын Яхия Исмайылов айтты. Ынтымақты елге бақ даритынын, ұрыс болған жерден ырыстың қашатынын ескертіп, халықты ауызбіршілікті болуға шақырды. Ең басты байлығымыз бен бақытымыз бейбітшілікке үндейтін дәстүрлі дініміздің бүтіндігін сақтау - Рахманның разылығы мол міндет екенін жеткізді. Жұма намазын өкіл имам Мұсабек Ақтамберді өткізді. Соңынан жамағатпен емен-жарқын әңгімелесті.  Ақсақалдар бірінен кейін бірі ақ батасын берді. Мүфтиятқа ризашылықтарын білдірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін