Қостанай: Рудныйдағы қайырымдылық шаралары

Қасиетті Рамазан айында Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен ауқымды шаралар мен кездесулер өткізілуде. Атап айтқанда, аталмыш шаһардағы қалалық балалар және қарттар үйіне мешіт қызметкерлері арнайы барды.

Балалар мен қарттардың жағдайларымен танысып, тәрбиеленушілерге мешіт атынан аяқ киімдер сыйға тартылды. Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйытқы болуымен өткізіліп жатқан осындай сауапты әрі ғибратты кездесулер мен қайырымдылық іс-шаралары одан әрі жалғасын таба бермек.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін