Тараз: Шәкірттер қорытынды емтиханда үздік нәтиже көрсетті

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" мешітінің жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының шәкірттері қорытынды емтихан тапсырды. 

Оқу жылының аяқталуына орай барлық 1,2,3 сатыдағы топтар сынақтан өтті. Емтиханды аталған сектор жетекшісі, осы мешіттің ұстазы Гүлжан Алдасаева  қабылдады.

"Барлық шәкірттер сынға өте жақсы дайындалып келіпті",- дейді комиссия төрағасы болған Гүлжан ұстаз.

Қыз-келіншектер мен ақ жаулықты әжелер Құран, тәжуид, фиқһ, ақида, ахлақ пәндері бойынша жүргізілген сынақтан сүрінбей өтіп, жақсы нәтиже көрсетті.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін