Қостанай: Рамазан айындағы игі істер

Қасиетті айда игі істерге асыққан жандар көпке үлгі көрсетуде «Ғашура Ана» мешіті бұл айда келген жамағатты рухани жағынан қолдаса, ел қамын ойлаған азаматтар мұқтаждарға материалдық және қаржылай көмегін көрсетуде. 

Жұма күні Қарабалық ауданының тумасы, Бахытжан Қасымұлы Ертаев мешіт ұжымына аула жұмыстарына аса қажетті шөп шабу құралын тапсырды.

Сондай-ақ, Қарабалық кентінің тағы бір тұрғыны, кәсіпкер азамат 10 отбасыға азық-түлік алып беріп, олардың алғысына бөленді.

Бұл азаматтың сыйлығын Серік Темірбекұлы ауданның ауыл-аймақтары мен Қарабалық кентінде тұратын көмекке мұқтаж жандарға жұма намазынан соң табыс етті.

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін