Талдықорған: 30 күнге 30 ауызашар жалғасы

27 мамыр күні Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешіті мен Талдықорған өңірінің өкілдігі жанындағы «Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен 60 қыз-келіншекке ауызашар берілді. Бұл «Рамазан - сауаптар қазынасы» атты жобамен бастау алған шараның жалғасы. Ауызашарға мүмкіндігі шектеулі, зағип жандар арнайы шақырылды. Бұл тек ауызашар шарасы емес, рухани кеш ретінде, рамазан айынын соңғы 10 түнін пайдалы етіп өткізу мақсатымен ұйымдастырылды.

Кештің әр қонағына арнайы дайындалған сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, 10-15 жас аралығында ораза ұстаған кішкентай қыздарымыз үшін де сыйлықтар берілді. Осы арада бұл кешіміздің өтуіне себепші болған барлық мейірімді жандарға алғысымызды білдіреміз.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін