Қостанай: Денисов ауданында Құран жарысы өтті

Жақында Денисов аудандық «Жұма» мешітінің бас имамы Болатжан Ғалымжанұлының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Рамазан» атты Құран жарысы өткізілді.

Оған 10 шәкірт қатысып, бақтарын сынады. Олар әділ қазылардың сұрақтарына мүдірмей жауап беріп, өздерінің тыңғылықты дайындықтарын көрсетті. Білімі және жан-жақты қарым-қабілеттерін танытқандарға сыйлықтар табыс етілід.

Жарыс барысында ерекше көзге түскен шәкірттер, яғни 6-сынып оқушысы А. Марат - ІІІ орынды, 2-сынып оқушысы А. Ерманов ІІ орынды иеленді. Ал 4-сынып оқушысы Б. Марат бас жүлдені жеңіп алды.

Осылайша, аталмыш сайыс Денисов ауданында да талапты жастар өсіп келе жатқандығын айқын көрсетті.

 

 

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін