Семейде Жарапазан жарысы өтті

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында шәкірттер арасында рамазан айы құрметіне жарапазан айтудан жарыс өтті.

Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы жарыстың мақсатымен тәртібін түсіндіріп, шәкірттерге сәттілік тіледі. Елуден астам шәкірт қатысқан жарыста «Жаңауыл» мешіті, «Қазығұл ата» мешітінен қатысқан шәкірттер мерекелік көрініс көрсетті.

Әділ қазылар шәкірттерді бағалап, І – ІІ – ІІІ орындарға және «Көркем сөз», «Мағыналы тілек», «Әуезді әуен» номинациясы бойынша марапатпен қоса сыйлықтар берілді.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін