Маңғыстау: Ауызашарда мешіттің құрылысы жоспарланды

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылының әкімі Оңдабаев Қалнияз аузы берік ауыл тұрғындарына бірнеше киіз үй тігіп ауызашар берді.

Ауызашарда Маңғыстау облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Өмірбай арнайы келіп «Оразаның сауабы» турасында, «Қадір түнінің қадір қасиеті» турасында жұртшылыққа уағыз айтты. Сонымен қатар ауыл әкімі салынғалы жатқан жаңа мешіттің құрылысына қажетті құжаттар мен жер телімінің дайындалып жатқанын қуанышпен жеткізді.

Босқосуда ауыл ақсақалдары мен тұрғындары сауапты істі бірауыздан қолдап, мешіттің ертерек салынуын Алладан тіледі.

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін