Тараздық 75 отбасы мешіттен көмек алды

"Һибатулла Тарази" мешітінде өткен қайырымдылық шарасы 75 отбасыға, атап айтқанда әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі (мүгедек), зағип, көпбалалы отбасыларға азық-түлік үлестірді.

"Зекет қоры" 20 отбасыға, аталған облыстық мешіт 43 жанұяға керекті азықтарды тапсырды. Сонымен қатар, 12 отбасыға ақшалай көмек көрсетілді. 

Аталған іс-шараға мешіттің наиб имамы Ержан Аманбаев, мешіт ұстазы Жалғас Жұбатхан мен мешіт қызметкері Ілияс Тұрғанов пен "Зекет" қорының өкілдері қатысты. Дін мамандары тұрғындарды рамазан айымен құттықтап, Алланың берекесі мен ризығы, сабыр жайлы әсерлі насихат айтты. 

Айта кету керек, қайырымдылық науқанына барлығы 640 000 теңге қаражат жұмсалды. 

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін