Талдықорған: Рахымы мол Рамазан

Қасиетті айда Алматы облысы, Талдықорған өңірі, Панфилов аудандық орталық мешітінде «Рахымы мол – Рамазан айы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Шараға ауданның бас имамы, Жаркент қаласының әкімі, аудандық «Нұр Отан» партия бөлімшесінің өкілдері, депутаттар мен ақсақалдар қатысты.

Белгілі кәсіпкерлер Кузиев Закир Пермұхаммедұлы мен Ақсубаев Серік Мұхашұлы Зекет борыштарын орындап, 7 250 000 теңге зекеттерін мешітте тарқатты. Аудандық әкімдік тарапынан тізім жасалып мүгедек жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 350 отбасыға аудандық мешіт ауласында азақ-түлік себеттері берілді.

Панфилов ауданының бас имамы Серік Шәріп қасиетті рамазан айында сауаптар еселенетін ай екенін өнегелі уағызында айта келе, кәсіпкерлердің қайырымды істеріне берекет тілеп, дұға жасады.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін