Қызылордадағы Қадір түні

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты облыстың Бас мешіті – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен қасиетті түні облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың 300 адамға арнап берген ауызашарымен басталды. Ауызашарға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы барша жамағатты рамазан айындағы қасиетті жұма күнімен қатар келген Қадір түнімен құттықтаса, өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы мүбарак түннің қадір-қасиеті мен сауабы туралы уағыз насихат айтты.

Бұдан кейін Құптан намазы алдындағы уағыздан соң, тарауық намазы оқылып, Құран түскен шарапаты мол айда оқылып біткен Құран Хатым дұғасы жасалды. Соңынан ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін және тұрақтылық пен бейбітшілік заман үшін дұға етілді.

Сонымен қатар, өкіл имам рамазан айы басталғаннан бастап облыстық мешітте тарауық намазын өткізген үш бірдей қари М.Абжалелов, Б,Жүсіпұлы, Ш.Садуовтарға барша жамағаттың атынан алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жапты. Және де берекелі айдың құрметіне орай ұйымдастырылған «облыстық Құран жарысы», «Сыр Жастары жарысады», «Рамазан менің көзіммен» байқауларының жеңімпаздарын жариялап, барша жамағаттың алдында марапаттады.

Құлшылық түнінде мешіт имамдарының әсерлі, ғибратты уағыздары айтылып, тәһәджүд намаздары оқылды. Және де келушілер арасында интеллектуалды сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, белсенді азаматтарға кітап сыйға берілді. 300 адамға арнайы жайылған ақ дастарқаннан бөлек, 700 адамға сәресі тағамдары салынған ыдыстар таратылды. 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін