ШҚО: Дін мамандары тікелей эфирде

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі Рамазан айы бойында Шығыс Қазақстан облыстық «ALTAI» телеарнасымен тығыз байланыста жұмыс жасап, діни мамандар бір ай бойы тікелей желіде сұхбат жасады.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин облыстық «ALTAI» арнасының «Рауан» бағдарламасына қонақ болып, жасалып жатқан істерді баяндап, тарауыққа жиналған жамағатты тегін автобус және «Рамазан такси» арқылы тасымалданып, көптеген мұқтаж отбасыларға көмек жасалып жатқандығын өз сөзіне арқау етті.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров «Рауан» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде сұхбат берді. Ол сұхбатында өңір мешіттерінің тіркеуі туралы және діни мамандармен қанымдалуы жайлы сөз қозғап, көрермендерден қойылған сауалдарға нақты жауап берді.

ҚМДБ «Халал» стандарттау бойынша Өскемен аймағына жауапты өкілі Досжан Үмбет «Рауан» бағдарламасының тікелей желісінде «Халал» сертификаты алудың маңыздылығы туралы айтып, облыстағы халал кәсіпорындар туралы ақпарат берді. 

ҚМДБ «Зекет» қорының Өскемен аймағы бойынша өкілі Хуат Аманбол облыстық «ALTAI» телеарнасының тікелей эфирдегі «Рауан» бағдарламасында болып, халыққа ақпарат берді. Хуат Аманбол өз сөзінде халықтың берген зекеті мұқтаж отбасыларға қайырымдылыққа жұмсалатындығын айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Маушиан Ақзанбек «Рауан» бағдарламасына қатысып, мешіттен енді ашылатын «Иман әліппесі» атты жазғы сауат ашу лагері туралы таныстырды. «Сауат ашу курсында ата-ананы сыйлау, ұстазға құрмет, адалдық туралы тәлім айтылып, алғашқы сатылы сауат ашу бағдарламасы «ҚМДБ-ның білім беруді дамытудың 2020 жылдарға арналған тұжырымдасы» негізінде жүріледі» деп атап өтті.

Тікелей желідегі сұхбаттар уақытта да жүріліп отыратын болады.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін