«Иман жастарының» еріктілері атыраулық бүлдіршіндерге тосын сый жасады (+ ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен құрылған «Иман жастарының» еріктілері атыраулық бүлдіршіндерге тосын сый жасады.  

Атыраудағы ең басты даңғыл – Сәтпаев даңғылы бойындағы алаңда ойнап жүрген балалар алаңына барған ұстаз Ерболат Боханов бастаған еріктілер бүлдіршіндерге сый ретінде балмұздақ пен тәттілер  таратты.

«Қасиетті Рамазанның соңғы күндері жасалған тосын сыйды күтпеген балалар шынайы көңілмен риза болып жатты.  «Ардақты Пайғамбарымыз жас сәбилерге ерекше мейіріммен қарап, «Баласы бар - баламен бала болсын» деп өсиет қалдырған. Кейде өзі де немелеріне ат болып, кейде иығына мінгізіп жүріп ойнатқан»,- дейді ұстаз Ерболат Боханов.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін