ШҚО: «Балаларға базарлық» іс-шарасы өтті

Халықаралық балалар мерекесінде Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті «Балаларға базарлық» атты арнаулы қайырымдылық бағдарламасын ұйымдастырды.

Шараға Өскемен қаласындағы бірқатар білім ордаларынан 150-ден астам оқушы қатысты. Балаларға «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қорының атынан балмұздақ, сусындар, тәттілер таратылды. Арнаулы әртістер шақырылып, қызықты ойындар ойнатылды.

Ата-аналар мен мектеп ұжымдары облыстық мешіттің ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.  

«Шараны балалар мерекесіне орай қасиетті рамазан айында әдейі ұйымдастырып отырмыз. Балаларға қуаныш сыйлаудың өзі шынайы бақыт»,- деді игі істі ұйымдастырушылар.

Бұл игі бастама балаларға меркені шынайы сезіндірді.

 

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін