Маңғыстауда қариларға құрмет көрсетілді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Тарауық намазының соңғы күні Құран хатым жасалып, отыз күн бойы жамағатты ұйытып, Құранды бастан аяқ оқыған қариларға құрмет көрсетілді.

Өкіл имам С.Сейтбеков Тарауық намазын жүргізген Асқар Ахлиддин мен Сатешов Айбекке қазақы дәстүр бойынша шапан жауып, сыйлықтар табыстады. 6 жылдан бері орталық мешітте Тарауық намазын оқып жүрген Махмудов Бабыр қариға кәсіпкер қажылыққа жолдама сыйлап, үлкен сауапқа ие болды.

Өкіл имам С.Сейтбеков жомарттық танытқан кәсіпкерге алғысын айтып, кәсібіне береке, отбасына амандық және келесі рамазан айына дейін аман-есен қауышуды тіледі. Жиын соңында ақсақалдар бата беріп, келе жатқан айт мерекесімен құттықтады.

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін