Жамбыл облысында рамазан айында 60 мешітте тарауих намаздарында Құран хатымы оқылып, дұғасы бағышталды. Осы қасиетті айда Жамбыл өңірі бойынша жалпы қайырымдылықтар мен пітір тарату науқанын қосқанда 434 іс-шара өткізілді.

Барлық ауызашар және пітір садақасын таратуға сондай-ақ, өзге де қайырымдылық істеріне жұмсалған қаражат көлемі 49 600 070 теңгені құрады. Аталған қаражаттың ішінде пітір садақасы ретінде қаржылай және азық-түлік түрінде 1478 адамға 13 764 940 теңге үлестірілді.

30 күн ішінде облыс бойынша 1100 рет ауызашар беріліп, онда 110 023 адам ауыз ашты. Бұқаралық ақпарат құралдарында (газет беттері мен діни сайттарда) 165 діни мақала жарияланды.