Семей: Айтта балаларға қуаныш сыйлады

ҚМДБ Семей өңірі бойынша "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен Семей қаласында Қос мұнаралы орталық мешіті мен қалалық Төкеш Ыбырайұлы мешітінде жаздық сауат ашу курсында білім алып жатқан балдырғандарға және көп балалы отбасыларға Ораза айт мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.

Осы игі бастамамен қасиетті Ораза айт мерекесінің бірінші күні Семей өңірі бойынша "Әйел-қыздар" секторы дінімізді насихаттай отырып, балаларға қуаныш сыйлап, көңілдерін көтеру ниетімен көп балалы отбасыларын қонақ етті.

Мерекелік іс-шараның басы балаларға асыл дінімізді кең танытатын викториналық сұрақтармен басталды. Әрі қарай аниматорлық мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен балаларға түрлі ойын жарыстары өткізілді. Қонақ балалар мен аналары мерекелік дастарханнан дәм татып, "Әйел-қыздар" секторының атынан азық-түлік пен балаларға арнап сыйлықтар берілді.

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін