70 келі тартатын алып Құран жұртшылық назарына ұсынылды (ФОТО)

Түркия елінде қасиетті Құран кәрімнің тағы бір алып нұсқасы жұртшылық назарына ұсынылды. Стамбул қаласындағы Бююк Чамлыджа мешітінің ауласында салмағы 70 келі болатын Құран кітабы қойылып отыр.

Қасиетті кітапты мамандар екі жыл бойы әзірлеген. Кітаптың ұзындығы 98 см құраса, ені – 71 см. Айрықша кітапты көру үшін туристтер әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан көрінеді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін