Сыр имамдарының жиыны өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарының жиыны өтті.

Жиында ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы біршама маңызды мәселелерге тоқталды. Күн тәртібіне сәйкес, ҚМДБ бекітілген төрт құжаттың бірі «Имамның тұлғалық келбеті» және «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» тәлімдік анықтамалығы аясында дін қызметкерлерінің міндеттері мен қызметтеріне және де қоғамдық ортадағы бейнесі мен дінді көркем насихаттау шеберлігіне қатысты талаптар мен ережелерді толығымен ашып түсіндірді. Жаназа, жерлеу рәсімдері, мешіт тазалығы, сабақтар мен дәрістердің өткізілуі, имам этикасы және т.б. өзекті мәселелерге қатысты бірқатар ескертулер жасалып, тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, «Жастар ісі», «Әйелдер-қыздар» секторларының жұмыстары пысықталып, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасының мақсаты мен қызметін таныстырылды.

Жиын соңында өкіл имам 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша елеулі қызмет атқарған имамдарды атап айтар болсақ, ауданы мешіттерінде қызмет атқарып келе жатқан Б.Улжаев, Б.Сүлейменов, Ж.Абенов, Қ.Қайырғалиев, қала мешіттерінен М.Үркімбаев, Қ.Отызбаев, О.Жидебаев, Б.Ырысбай секілді имамдарды алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, «Үздік имам» номинациясы бойынша марапатталған Қармақшы ауданының бас имамы Жақсыбек Абеновке өкілдік тарапынан тағайындалған шипажайға тегін жолдаманы салтанатты түрде табыстады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін