ҚМДБ ҚАЖЫЛЫҚ ҚОРЫ: «ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА ҮКІМДЕРІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

 

Бүгін қажылық компанияларының жетекшілерімен өткен басқосуда «Қажылық және ұмра үкімдері» кітабының танытымы өтті.

Қажылықтың қыр-сырын жіті түсіндіретін аталмыш кітапты таныстырып өткен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

Қажылық – өте сауапты құлшылық. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Қабыл болған қажылықтың сыйы – тек қана жаннат» десе, басқа бір хадисінде: «Кімде-кім үйге (Қағбаға) қажылық жасап, жаман сөз айтпай, ауыр күнә жасамаса, анасынан жаңадан туғандай болып оралады» дейді. Осы бір ұлы құлшылықты орындау барысында қажыларымыз қателікке ұрынбай, дұрыс атқаруы үшін арнайы осы кітапты әзірледік. Бұл туындыда қажылыққа қатысты үкімдер, туындауы мүмкін мәселердің баршасы қамтылды», - деп атап өтті.

Одан бөлек, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы бұл еңбек қазақ және орыс тілдерінде жарық көргендігін тілге тиек етіп, аталмыш кітаптың ҚМДБ Қажылық қоры есебінен Үлкен қажылық сапарын өтеуге баратын әрбір қажыға тегін таратылатындығын жеткізді.

Айта кетейік, биыл үлкен қажылық өтейтін қажылардың саны 3200 адамды құрайды. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін