Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының орынбасары өкіл имаммен жүздесті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Абайұлы Алматы Орталық мешітіне арнайы ат басын бұрып, қонақта болды.

Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Олжас Абайұлы мырзаны мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, қала бойынша атқарылып жатқан жаңалықтарымен бөлісті.

Сонымен қатар, өкіл имам барлық мешіттердің имамдары жемқорлыққа қарсы тақырыпта жиі уағыз-насихаттар жүргізіп, бұл дертке қарсы әділ қоғам құруда үлкен үлестерін қосып жатқандарын жеткізді.

Содан Олжас Абайұлы мырза сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында мешіт ауласында ашылған «Адалдық дүкенін» көріп, оң бағасын берді.

Сондай-ақ, ол мұндай жобалар адамдардың өз-өздерін жақсы, адал сезінуге мүмкіндік тудыратынын атап өтіп, сыбайлас жемқорлықсыз таза қоғам құруға шақырды.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін