Маңғыстауда имамдардың алқалы жиыны өтті

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков қала, аудан, ауыл имамдары мен ұстаздарының басын қосып «Достық үйінде» алқалы жиын өткізді.

Жиында өкіл имам ҚМДБ тарапынан бекітілген «Имамның тұлғалық келбеті» және «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы» атты анықтамалық кітапшаларын басшылыққа ала отырып, білімділікпен қатар діндарлық, адалдық, әділдік, парасаттылық, жұмсақтық, отансүйгіштік қасиеттер әр имамның бойында табыла білу керектігін назарға алды. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің киім кию әдебінен бастап отбасы мен қоғамға қатысты әдептері және тағы басқа да өзекті қағидалары талқыланды.

Жиын соңында өкіл имам С.Сейтбеков алдағы өтетін аттестацияға имамдар мен ұстаздардың түгелдей қатысуын міндеттеп, барлығына сәттілік тіледі.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін