"Һибатулла Тарази" медресесінің түлектері емтихан тапсырды

Қазақстандағы діни білім ордаларының бірі "Һибатулла Тарази" медресесінің шәкірттері қорытынды емтихан тапсырды. Құран, тәжуид, фиқһ, араб тілі пәндері бойынша оқу бітіруші түлектер сыннан өтті.

Емтихан алушы комиссия құрамында ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев төрағалық етіп, ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Амангелді Ембергенов, Шымкент медресесінің ұстазы М.Ахметов болды. 

Барлығы 15 түлектің ішінде қызыл дипломға 6 үміткер бар. Айта кету керек, бұл сынақ жай ғана білім ордасынан алған білімдерін тексеру ғана емес, сонымен қатар жақсы дәріс те болды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін