Қарағандыда ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС директоры семинар өткізді

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС мен ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде«Халал өнім - денсаулық кепілі» атты семинар өтті.


Семинарға ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның  директоры Ануар Ізімбайұлы Елжанов, ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Халал»  бөлімінің өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы және облысқа қарасты қала, аудан, ауыл имам- молдалары қатысты.

Ануар Ізімбайұлы өзі басшылық етіп отырған Халал стандарттау бөлімнің атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктерін баяндап өтті. Сонымен қатар, адал өндірістің қоғамға тигізер пайдасы жайында маңызды мағлұмат берді. Харам ас жеудің зияндылығымен одан сақтанудың жолдары турасында насихат айтылды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін