Семейде «Имамның тұлғалық келбеті» атты семинар өтті

Семей аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешітінде Семей аймағына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдарға арналған «Имамның тұлғалық келбеті» атты семинар өтті.

Жиында алғаш болып сөз алған ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы имамның мінез-құлқы, тәртіп, әдеп мәселесі турасында сөз қозғады. Сонымен қатар мешіт имамдарының әдептері жөнінде аудан, қала имамдары уағыз айтты.

Өкіл имам: "Әрбір имамның біліктілігі, білімі жоғары болу керек. Бұл бүгінгі өскелең заманның басты талабы. Дін қызметкерлері бұқара арасында үгіт-насихат жұмыстарын жақсартып, жергілікті БАҚ-мен тығыз байланыста болған абзал", - деді.

Жиында имамдардың жұмыстары сарапқа салынып, жіберілген қате-кемшіліктер жөнінде ескертулер де берілді. Жастар ісі бөлімінің кездесулер санын арттыру, дәстүрлі дінімізді көбірек насихаттау сынды жұмыстарды жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Өкіл имам жақсы қызмет атқарған ауыл имамдарын алғыс хатпен марапаттады. Шара соңында өкіл имам семинарға қатысқан имамдардың қызметіне сәттілік тіледі.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін