НАИБ МҮФТИ ТҮРКІСТАНДА

ҚМДБ Төрағасының орынбасары Бауыржан Есмахан Түркістан облысына іс-сапармен келді. Наиб мүфти "Жаңарған Түркістан" атты Сарыағаш ауданы имамдарының семинарына қатысып, мешіт қызметкерлері мен аудан тұрғындарын өңірдің 1 жылдығымен құттықтады. Имамдармен зайырлы қоғам, қайырымдылық, зекет, мешіт құжаттарын реттеу, халал стандарттау тақырыптарында сөз қозғады.

Сондай-ақ, Сарыағаш медресе-колледжінің жанынан бой көтеріп жатқан сәулетті мешіттің құрылыс барысымен танысты. Қор басшысы Абдужаппар Сманов мешіт құрылысын осы жылы аяқтау жоспарланғанын жеткізді. Сапар аясында наиб мүфти Бауыржан Есмахан жергілікті телеарнаға да сұхбат берді.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық мешітінде 50 отбасыға көмек көрсетілген қайырымдылық шарасына қатысып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті.

 

 

 

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін