Қажылық миссиясы: Қажылыққа баратын имамдардың біліктілігі пысықталды (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Қажылық бөлімінің ұйытқы болуымен айтулы сапар барысының екінші кезеңі талқыланды.


Нәтижесінде биылғы қажылыққа баратын имамдар мен ұстаздар өз біліктілігін тағы бір мәрте сыннан өткізді. ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен белгілі ұстаз Бауыржан Әлиұлының қатысуымен Қасиетті мекенге баратындарға арналып дәріс ұйымдастырылды. Жиын барысында жауапты мамандар қажылық үкімдері, фиқһ мәселесі, шариғат заңдарына қатысты сұрақтар қойып, имамдардың дайындығын пысықтады.

Негізі сұрақтар қажылықта орындалатын амалдар, қандай жағдайда қажылық шарттары орындалмайды, одан бөлек атқарылатын сүннет амалдар да тақырыптан тыс қалмады. Сонымен қатар аймақтардан келген білікті ұстаздар мен мешіт имамдары сұхбат берді. Яғни олардың жамағат алдында өзін қалай ұстауы, камера алдында сөйлеуі сынды жайттар да назарға алынды.

Айта кетейік бүгінгі жиын соңында қажылыққа баратын ұстаздар мен имамдардың нақты саны белгілі болады.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін